«YNTYMAQ» кәсіподағының Шымкент филиалы жаңа бастауыш ұйыммен толықты

Салалық және өңірлік жаңалықтар 16.09.2026

«YNTYMAQ» кәсіподағының Шымкент филиалы жаңа бастауыш ұйыммен толықты

Шымкентте «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалы «Фариза Оңғарсынова атындағы № 28 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымымен толықты. Жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы - Егембердиева Загида Манатқызы. Бүгінгі таңда бұл ұйымның қатарында 150-ден аса кәсіподақ мүшесі бар.

 

Кәсіподақ - әрбір қызметкердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғайтын сенімді тірек. № 28 мектеп ұжымының бұл бастаманы қолдап, толықтай мүше болуы - әріптестер арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықтың айқын дәлелі. 
Осы ретте, маңызды қадамның заңды жалғасы ретінде Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Ілімшаұлы Алтеев пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Загида Манатовна Манатқызы өзара ынтымақтастықта нәтижелі жұмыс жасау мақсатында арнайы Келісімшартқа қол қойды.


Мектеп қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған бұл құжат ұжымның бірлігін одан әрі нығайта түспек. 

Жүзден аса мүшенің басын қосқан бұл бастауыш ұйым алдағы уақытта да белсенділік танытып, әділдік пен қолдаудың орталығына айналатыны сөзсіз.