Түркістанда "Қалың қалай, бастауыш ұйым?" акциясы аясында кездесу өтті

Салалық және өңірлік жаңалықтар 18.09.2026

Түркістанда "Қалың қалай, бастауыш ұйым?" акциясы аясында кездесу өтті

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясында бастауыш кәсіподақ ұйымының жиналысы өтті.
Жиынды бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Оңғарбаев Мейрамбек жүргізіп, ұйымның атқарған жұмыстарына тоқталып, алдағы кезеңдегі міндеттерді ортаға салды.
Жиын барысында кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік жағдайын қорғау, ұжымдағы еңбек қатынастарын нығайту және қызметкерлердің ұсыныс-пікірлерін ескеру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар кәсіподақ мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау, еңбек қауіпсіздігін сақтау және жұмыс орнындағы қолайлы жағдайды қамтамасыз ету бағыттарына назар аударылды.


Кәсіподақ жиналысының басты ерекшелігі - қызметкерлердің өзекті мәселелерін ашық айтып, ұсыныстарын ортаға салуына мүмкіндік берілуі. Мұндай тікелей диалог бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын жетілдіруге ғана емес, ұжымдағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға да ықпал етеді.
Сондай-ақ жиында кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек заңнамасындағы өзгерістерден хабардар болу және кәсіподақ жұмысына белсенді қатысу қажеттігі де айтылды. 
Бастауыш кәсіподақ ұйымы - кәсіподақ қозғалысының ең төменгі буыны ғана емес, еңбек ұжымындағы мәселелерді дер кезінде байқап, оларды шешуге ықпал ететін маңызды алаң. Сондықтан мұндағы әрбір кездесу мен ашық пікір алмасу қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы әлеуметтік әріптестікті нығайтуға бағытталады. Шынайы диалог бар жерде сенім бар. Ал сенімге негізделген кәсіподақ жұмысы - ұйымның тұрақты дамуының берік негізі.