«Қуатты кәсіподақ — еңбек адамының қуатты үні» науқаны аясында Көкшетау қаласында жастарды, студенттерді, түлектерді және жұмыс берушілер өкілдерін біріктірген бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараға «Ақмола облысының Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары Гүлайым Абрахманова қатысты.
Еңбек жолын енді бастап келе жатқан немесе жұмыс іздеп жүрген жастар үшін бұл жәрмеңке тек жұмысқа орналасудың өзекті ұсыныстарымен танысуға ғана емес, сонымен қатар өздерінің еңбек құқықтары мен заңда белгіленген кепілдіктері туралы маңызды ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында Гүлайым Абрахманова жәрмеңкеге қатысушыларға құқықтық кеңес беріп, ресми жұмысқа орналасу, еңбек шартын жасасу, еңбек құқықтарының сақталуы, заңда көзделген кепілді төлемдер, жұмыс уақытының ұзақтығы және өздерінің заңды мүдделерін қорғау тәртібі мәселелеріне ерекше назар аударды.
Жастардың құқықтық сауаттылығы — лайықты еңбек мәдениетін қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі. Еңбек жолындағы алғашқы қадам тек өз міндеттерін білуден ғана емес, сонымен қатар заңмен белгіленген құқықтарын түсінуден басталуы тиіс.
Кәсіподақтар еңбек адамына өз құқықтары мен мүмкіндіктері туралы хабардар болуға, өз мүдделерін қорғауға және кәсіби болашағын сенімді түрде қалыптастыруға көмектеседі.
Осындай іс-шараларды өткізу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек дауларының алдын алуға және еңбек қатынастарына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.