Көңіл айту

Федерация жаңалықтары 25.09.2026

Көңіл айту

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан және жеке өзімнің атымнан Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын.

 

Бұл қайғылы жағдай — өз ұлдарын, жарларын, әкелері мен бауырларын жоғалтқан отбасылар үшін орны толмас ауыр қаза. Осындай қиын сәтте олардың қайғысы мен қасіретіне ортақпын.

 

Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер өздеріне жүктелген міндетті соңына дейін адал орындады.

Қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына бекемдік, төзімділік пен сабыр тілеймін. Марқұмдардың жарқын бейнесі барша қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі сақталады.

 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы

Сатыбалды Дәулеталин