Маңғыстау облысында «Еңбекті қорғаудың бірыңғай күні» өтті

Салалық және өңірлік жаңалықтар 30.09.2026

Маңғыстау облысында «Еңбекті қорғаудың бірыңғай күні» өтті

«Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ-нің бастамасымен, «Күшті кәсіподақтар – еңбек адамының қуатты үні» бірыңғай жалпыкәсіподақтық науқаны аясында «CASPI BITUM» БК ЖШС-де «Еңбекті қорғаудың бірыңғай күні» өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау деңгейін арттыру, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ жұмыскерлер арасында қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру.


Бірыңғай күн аясында жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына, өндірістік тәуекелдердің алдын алуға және жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек етуіне қажетті жағдайлардың жасалуына назар аударылды. Жұмыскерлерге еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қауіпсіз жұмыс тәсілдерін үйрету және өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері қамтылды.


Сонымен қатар алғашқы көмек көрсету дағдыларын пысықтау, заманауи жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, арнайы киім мен арнайы жабдықтарды дұрыс қолдану, төтенше жағдайлар туындаған кездегі жұмыскерлердің іс-қимыл тәртібі секілді маңызды бағыттарға ерекше көңіл бөлінді.


Іс-шараға «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасының орынбасары Ибрагимбек Науханов, заңгер Алмас Байболатов, «CASPI BITUM» БК ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Талғат Мұқанов және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік бақылау қызметінің басшысы Насихат Демисинова қатысты.


Іс-шара барысында «CASPI BITUM» БК ЖШС өкілдері кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды жан-жақты таныстырды. Жұмыс орындарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы,жұмыскерлердің жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі, қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне оқыту және төтенше жағдайларға дайындық шаралары іс жүзінде көрсетілді.


Кездесу қорытындысында кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде ұйымдастырылғаны, жұмыс орнын аттестациялау, жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек етуіне қажетті жағдайлардың жасалғаны және өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуына тиісті деңгейде көңіл бөлінетіні атап өтілді.