Еңбек адамы: Энергетика саласының ардагері

Салалық және өңірлік жаңалықтар 30.09.2026

Еңбек адамы: Энергетика саласының ардагері

Қонаққалиев Ниғметолла 1963 жылы 22 қазанда Атырау облысының Бесікті ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Бірлік ауылындағы орта мектепті бітірген. Жастайынан техникалық мамандықтарға қызығушылық танытып, осы бағытты кәсіби жолы ретінде таңдаған.

 

Еңбек жолын 1999 жылы 14 маусымда Атырау энергетикалық жүйесінде бастаған. Қазіргі уақытта «Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қалалық электр желілері қосалқы стансалар қызметінде бесінші разрядты электргазбен дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Еңбек жолында энергетика және дәнекерлеу жұмыстары саласында мол тәжірибе жинақтаған. Жабдықтарды жөндеу және жаңғырту жұмыстарына, сондай-ақ жас мамандарды оқытуға белсенді қатысып келеді.

 

Адал еңбегі және энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін кәсіпорын тарапынан бірнеше рет алғыс хаттармен және Құрмет грамоталармен марапатталды. 2024 жылы «Атырау энергетикалық жүйесінің еңбек ардагері» атағына ие болды. Бұл оның көп жылдық еңбегі мен кәсіби шеберлігінің мойындалуы.

 

Ширек ғасырға жуық еңбек жолында өзін жауапты, тәртіпті және біліктілігі жоғары маман ретінде көрсете білді. Электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз етуге, жабдықтарды қауіпсіз пайдалануға және Каспий маңы өңірі энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне өз еңбегімен үлес қосып келеді.

 

Отбасының өнегелі азаматы. Өз қызметінде және өмірде адалдық, еңбекқорлық және өз ісіне деген адалдық қағидаларын басшылыққа алатын Ниғметолла жақында облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.