2 қазан, жұма күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының орталық кеңсесінде ҚРКФ Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Шерзод Пулатов жүздесті.
Кездесу барысында тараптар кәсіподақтар қауымдастығының заң шығарушы органмен ынтымақтастық орнату жайын, сондай-ақ еңбек қатынастары саласындағы мәселелерді және еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау тақырыбын сөз етті.
Әсіресе, еңбек заңнамасын жетілдірудегі және әлеуметтік әріптестік тетіктерін дамытудағы кәсіподақтардың рөліне ерекше назар аударылды. Еңбек саласына қатысты заң жобаларын қарау кезінде жұмыскерлер ұстанымын ескерудің айрықша маңызы бар екені атап өтілді.
ҚРКФ Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақтардың Құрылтай депутаттарымен тиімді серіктестігі еңбеккерлердің мүдделеріне сай келетін заңнамалық бастамаларды алға тартуға мүмкіндік беретінін айтты.
Сондай-ақ кездесуде заң шығарушы орган депутаттары мен кәсіподақ өкілдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, еңбек құқықтарының кепілдіктерін нығайту және әлеуметтік әріптестіктің рөлін арттыру бағытында пікір алмасты.
Кездесу соңында екі тарап та әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелер мен еңбек заңнамасын жақсартуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
ҚРКФ Кәсіподақтық коммуникация орталығы