«YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Сайрам медициналық колледжінде ұлағатты ұстаздар қауымына арналған жарқын да мазмұнды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Жыл сайынғы ең қадірлі мерекелердің бірі - Ұстаздар күні бұл жолы да ерекше әсер мен ыстық лебіздерге толы болды.

Мерекелік жиынның шымылдығын колледж директоры Жанара Әмірханқызы Баймағамбетова ашып, ардақты ұжымды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде білім мен тәрбие саласындағы өлшеусіз еңбекті атап өтіп, әрбір оқытушыға шығармашылық табыс, мықты денсаулық және игі істерінде сәттілік тіледі. Сондай-ақ саланың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар үздік мамандарға арнайы марапаттар табыс етілді.


Шара барысында ұстаздардың қажырлы еңбегін ерекше бағалайтын тағы бір қуанышты сәт орын алды.

Жиынға қатысқан оқытушыларға Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының және «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Алтеевтің атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар салтанатты түрде тапсырылып, алғыс сезімдері жеткізілді.
.jpg)
Бұл күн колледж қабырғасындағы әрбір ұстаз үшін мерейді өсіріп, жүрекке жылу сыйлаған ұмытылмас сәттерге ұласты. Шәкірт тәрбиелеу жолында аянбай тер төгіп жүрген абзал жандардың еңбегі әрдайым бағаланып, мерейлері үстем бола бергей!