Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Мейрамбек Ахметов ауданның білім беру ұйымдарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерімен кездесіп, еңбек ұжымдарының тыныс-тіршілігімен танысты.

Кездесулер Әйке жалпы орта білім беретін мектебінде, «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында, Тереңсай мектеп-балабақша кешенінде, Сұлукөл жалпы орта білім беретін мектебінде және «Нұрсәт» бөбекжай-бақшасында өтті.

Жүздесудің мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу жағдайын зерделеу, ұжымдарды толғандырған мәселелерді анықтау және кәсіподақ пен бастауыш ұйымдар арасындағы байланысты нығайту.
.jpg)
Әңгімелесу барысында қызметкерлер өз сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарында қоғамдық бақылау жүргізіліп, еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуы және қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайының жасалуы назарға алынды.

Мұндай кездесулердің басты міндеті – еңбек адамының құқығын қорғау, көтерілген мәселелерді назарда ұстау және кәсіподақ мүшелерінің мүддесіне тұрақты қолдау көрсету.