«Қалың қалай, бастауыш ұйым?»: кәсіподақ ұйымдарына құқықтық қолдау

Салалық және өңірлік жаңалықтар 09.11.2026

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?»: кәсіподақ ұйымдарына құқықтық қолдау

Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Сәбенова ауданның білім беру ұйымдарын аралап, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Кезекті жүздесулер №1 мектеп-гимназиясында, Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде, Оқушылар үйі мен көркемсурет мектебінде, Шұбарқұдық кәсіпшілігіндегі «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында және Әлия Молдағұлова атындағы негізгі мектепте ұйымдастырылды.

 

Басқосулардың басты мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін сенімді қорғау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және ұжымдармен тығыз, ашық диалог орнату болды.

Ашық жүздесу барысында қызметкерлердің өзекті мәселелері мен ұсыныстары тыңдалып, кәсіподақ тарапынан көрсетілетін құқықтық қолдау бағыттары, еңбек заңнамасының талаптары, жұмыс жағдайлары мен әлеуметтік қолдау шаралары жан-жақты талқыланды. 

Сонымен қатар аралау барысында білім беру ұйымдарында қоғамдық бақылау жүргізіліп, мамандардың еңбек құқықтарының сақталуына ерекше назар аударылды.

Кәсіподақ ұйымы өткізіп жатқан бұл кездесулер еңбек ұжымдарының түйткілді мәселелерін жергілікті жерде зерделеуге, қызметкерлерге дер кезінде құқықтық көмек көрсетуге және еңбек адамының мүддесін қорғау жұмысын жүйелі түрде жүзеге асыруға бағытталған.