Теміржол ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Салалық және өңірлік жаңалықтар 12.11.2026

Теміржол ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Теміржол саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлердің еңбегі әрдайым құрметке лайық. Олар – мол тәжірибесімен кейінгі буынға бағыт-бағдар беріп, кәсіби сабақтастық пен теміржол дәстүрлерін сақтауға үлес қосып келе жатқан аға буын өкілдері.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тіркелген, еңбек қызметін тоқтатқан зейнеткерлердің саны 47 мыңнан асады. Оның ішінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ орталық аппаратында тіркелген 1200-ден астам зейнеткер бар. Олардың әрқайсысы теміржол саласында 40 жылдан астам еңбек етіп, бүгінде де ардагерлер қозғалысына белсене қатысып, жас мамандарға тәлімгерлік көрсетіп келеді.

 

Ардагерлердің еңбегін бағалап, олардың қоғамдық белсенділігін қолдау мақсатында «ҚАЗТЕМІРЖОЛКӘСІП» кәсіподағының «Астана» филиалы бірқатар ардагермен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында филиал төрағасы Серік Сәрсекеев сала дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеуге және қоғамдық жұмыстарға қосып жүрген үлестері үшін ардагерлерге алғысын білдіріп, олардың өмірлік тәжірибесі кейінгі буын үшін үлкен өнеге екенін атап өтті.

Іс-шара аясында теміржол саласына сіңірген еңбегі мен қоғамдық қызметтегі белсенділігі үшін ардагер «Астана филиалы» медалімен марапатталды.

Марапатталғандар қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемалиев, Берік Айтбеков, кеңес хатшысы Гүлнәр Айтбекова, Консультативтік кеңес мүшелері Ескендір Рахметов, Қуаныш Котырев, Бектөре Есенгараев, Бекболат Махметов, Құдайберген Иргибаев және Сұлтан Дәукен бар.

 

Теміржол саласының бүгінгі жетістіктерінің негізінде ардагерлердің көпжылдық адал еңбегі жатыр. Олардың өнегелі жолы мен бай тәжірибесі кейінгі ұрпақ үшін әрдайым құнды мұра болып қала береді.