30.09.2026
Еңбек адамының заңмен кепілдендірілген құқықтарының сақталуы – кәсіподақ қызметінің басты міндеттерінің бірі. Әрбір жұмыскердің әлеуметтік кепілдіктерінің орындалуына қолдау көрсету – кәсіподақтың күнделікті жұмысының маңызды бағыты.
Қызылорда облыстық онкология орталығының дәрігер-статисі Әбдіқалықова Гүлзат Тұрмағанбетқызының біліктілік санаты бойынша төлемі 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап тоқтатылған болатын. Өзінің заңды құқығын қорғау мақсатында көтерілген мәселе «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Қызылорда облыстық филиалының қолдауымен қаралып, тиісті түсіндіру және құқықтық жұмыстар жүргізілді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2026 жылдың наурыз айынан бастап жұмыскердің біліктілік санаты бойынша төлемі қайта жандандырылып, оның еңбек заңнамасында көзделген әлеуметтік кепілдігі қалпына келтірілді.
Бұл оқиға – кәсіподақтың еңбек адамының құқықтарын қорғаудағы нақты нәтижесінің көрінісі. Жұмыскердің мәселесіне бейжай қарамай, құқықтық қолдау көрсетіп, заңды төлемнің қайта тағайындалуына ықпал ету – кәсіподақтың еңбек ұжымының сенімді серіктесі екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.