Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем национальной валюты

Новости Федерации 15.11.2026

Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем национальной валюты

Құрметті әріптестер! Қадірлі достар!

 

Сіздерді Ұлттық валюта – теңге күнімен және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Егемендігімізді тұғырлы етіп, тәуелсіздігімізді бекемдеуде  төл теңгеміздің  айналымға енуі еліміздің тарихындағы  аса маңызды оқиға болды.

Бұл Қазақстан Республикасының дамудың дара да даңғыл жолына түскендігінің айғағы, тәуелсіздіктің белгісі ретінде де ерекше. 

Еліміз тәуелсіздік алған отыз бес жылдың ішінде төл теңгеміз  нарықтық қарым-қатынасты дамыту мен тиімді банк жүйесінің қалыптасуына тың серпін берді.

Сіздер қажырлы еңбектерiңiзбен елiмiздiң экономикасының дамуымен қатар, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына да  зор үлес қосып келесiздер.  

Сіздерді  ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтап,  еңбектеріңізге жеміс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға  амандық тілеймін.

 

Ізгі тілекпен,

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының

төрағасы                                                                                 С.Дәулеталин