Ардақты ақ халатты абзал жандар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан және жеке өз атымнан шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер адам өміріне араша түсіп, халықтың денсаулығы мен болашағы жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Күндіз-түні тыным көрмей, әрбір науқасқа мейірім төгіп, үміт сыйлау — нағыз батырлық пен адамгершіліктің белгісі.
Бұл күн — осынау қасиетті саланың негізін қалап, өмірлік тәжірибесі мен алтын уақытын халық денсаулығына арнаған ардагерлерімізге тағы бір мәрте алғыс айтудың тамаша сәті.
Сіздер салған сара жол, сіздер көрсеткен кәсібилік пен адамдық мектеп — бүгінгі жас буын үшін таптырмас өнеге, сарқылмас қазына.
Осынау мерекелі күні сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке және төзімділік тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым жемісті, ал алғыс айтушы науқастарыңыздың саны көп. Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден шуақ кетпесін.
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
С. Дәулеталин