Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем работников средств массовой информации!

Новости Федерации 28.06.2026

Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем работников средств массовой информации!

Қадірменді бұқаралық ақпарат қызметкерлері! 

Ардақты сала ардагерлері!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының және жеке өз атымнан құттықтаймын!

Журналист еңбегі — қоғамның мұңын мұңдап, жоғын түгендейтін, шындық пен әділдіктің күзетінде тұратын қажырлы міндет. Қаламдарыңыздың ұшымен халықтың үнін жеткізіп, өткір сөздеріңізбен түйткілді мәселелердің шешілуіне ықпал етіп келесіздер.

Оқырман мен көрерменге сапалы дүние ұсыну жолындағы ізденістеріңіз бен ұйқысыз түндеріңіз үлкен құрметке лайықты. 

Саланың дамуына зор үлес қосқан, сөз өнерінің киесін ұғынған ардагерлерімізге алғысымыз ерекше.

Бүгінгі таңда қоғамдағы өзекті мәселелерді, соның ішінде Еңбек адамының бейнесін дәріптеудегі еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

Мерекелі сәтте дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, қаламдарыңызға қуат тілеймін! Шығармашылық шабыттарыңыз сарқылмай, әрдайым жағымды жаңалықтардың жаршысы болыңыздар.

 

Ізгі тілекпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының

төрағасы С.Дәулеталин