Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем столицы

Новости Федерации 06.07.2026

Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем столицы

Құрметті әріптестер, қадірлі достар!

 

Сіздерді Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан Астана күнімен құттықтаймын!

Елорда – тек зәулім ғимараттар мен заманауи сәулеттің көрінісі емес. Бұл күн – ең алдымен, бас қаланы өз қолымен тұрғызған және оның күнделікті тіршілігін үздіксіз қамтамасыз етіп отырған Еңбек адамының үлкен жеңісі мен мақтанышы.

Сарыарқаның төрінде бой көтерген әсем қаланың әрбір жетістігінде қарапайым жұмысшының, білікті маманның және өз ісіне адал жандардың өшпес қолтаңбасы бар.

Бүгінде Астана — бейбітшілік пен ынтымақтың орталығы.Оның қарыштап дамуы бүкіл еліміздің экономикасына оң серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашты. Біз осы дамудың басында тұрған әрбір кәсіподақ мүшесінің еңбегін жоғары бағалаймыз.

Мерейлі мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, берекелі өмір және таусылмас күш-жігер тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!

 

Ізгі тілекпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының

төрағасы С.Дәулеталин