Құрметті тау-кен металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен ҚР Кәсіподақтар федерациясының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Сұсты темірге жан бітіріп, от пен судың ортасында ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген сіздердің кәсіптеріңіз — нағыз құрметке лайық. Маңдай термен келген әрбір тонна металда сіздердің шексіз жауапкершіліктеріңіз бен елге деген махаббаттарыңыз жатыр. Қазақстанның экономикалық қуаты мен өндірістің алып жүрегі дәл сіздердің алтын қолдарыңыздың арқасында соғып тұр.
Кәсіподақтар федерациясы үшін сіздердің әрқайсыңыздың амандықтарыңыз бен денсаулықтарыңыз — ең биік құндылық. Шаңырақтарыңызда сіздерді күтіп отырған жақындарыңыздың қуанышы, жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен еңбектеріңіздің лайықты бағалануы біздің басты парызымыз болып қала береді. Біз сіздердің игі істеріңіздің әрқашан сенімді тірегі болуға дайынбыз.
Осынау қиындығы мен қызығы мол сара жолды салып кеткен, өндірістің ыстық-суығына шыдап, жас буынға үлгі болған ардагерлерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз.
Сіздердің өнегелі жолдарыңыз — бүгінгі жастардың бойына жігер беретін қазына.
Сіздерге сарқылмас күш-қуат, мықты денсаулық пен отбасыларыңызға шаттық пен бақ-береке тілеймін! Еңбектеріңіз жеңіл, мәртебелеріңіз әрдайым биік болсын.
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин