Құрметті көлік саласының қызметкерлері! Ардақты сала ардагерлері!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан және жеке өз атымнан кәсіби мерекелеріңіз – Көлік қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің экономикасын өркендетіп, қала мен ауылды бір-біріне жалғап отырған көлік саласының орны қашан да бөлек. Автомобиль, теміржол, әуе және су көлігінің үздіксіз жұмыс істеуі – миллиондаған адамның қауіпсіздігі мен жайлылығының кепілі.
Бұл саланың артында мыңдаған еңбек адамдарының қажырлы қайраты, кәсіби шеберлігі және тәулік бойғы жауапты қызметі тұр. Сіздердің күн сайынғы қауіпсіздік пен сапалы қызмет үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы әрқашан еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды, лайықты еңбек жағдайларын жасауды және әлеуметтік әріптестікті дамытуды басты назарда ұстайды.
Біз сіздердің қауіпсіз еңбек етулеріңізге, кәсіби әрі әлеуметтік кепілдіктеріңіздің толық сақталуына әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз.
Осы айтулы мереке күні әрқайсыңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен мол табыс тілеймін.
Жолдарыңыз әрқашан ақ, бағыттарыңыз сәтті болсын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин