Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем строителя

Новости Федерации 09.08.2026

Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем строителя

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері! Ардақты сала ардагерлері!

 

Баршаңызды кәсіби мереке – Құрылысшылар күнімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі күн саналы ғұмырын құрылыс саласымен байланыстырған Еңбек адамына құрмет көрсетіп, олардың жолын жалғап келе жатқан жас буынға дәстүр сабақтастығын беретін мереке. Құрылысшы мамандығы – әрдайым ерекше құрметке ие, ел экономикасының негізгі қозғаушы күші әрі ең абыройлы кәсіптердің бірі.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында еліміздің әрбір өңірі жаңарып, көз қуантарлық әсем үйлер, білім ошақтары мен жайлы аулалар бой көтеруде. Әрбір кірпішті қалап, әрбір ғимаратты тұрғызуға жұмсалған маңдай терлеріңіз бен адал еңбектеріңіз жоғары құрметке лайық.

Саланың ыстық-суығына төзіп, бүгінге дейін адал еңбектің үлгісін көрсетіп келген ардагерлерімізге басымызды иіп, алғыс айтамыз. 

Кәсіподақтар федерациясы әрқашан сіздердің мүдделеріңізді қорғау, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын жасау бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз бен әлеуметтік әл-ауқаттарыңыз біз үшін әрдайым басты орында.

Осынау мерекелі күні сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат және отбасыларыңызға құт-береке тілеймін! Еңбектеріңіз жемісті, ал табыстарыңыз мол болсын.

 Ізгі тілекпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы                        

С. Дәулеталин