Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем знаний

Новости Федерации 01.09.2026

Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем знаний

Құрметті ұстаздар мен білім саласының қызметкерлері! Қымбатты оқушылар мен студенттер!

Баршаңызды айтулы мереке – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

1 қыркүйек – бұл — үміт пен арманның, ізденіс пен жетістіктің бастауы.

 

Білім – адамзат баласының алтын діңгегі, ал сол білімді ұрпақ бойына дарытып жүрген ұстаздардың еңбегі — нағыз ерлік.  Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы бүгінгі шәкірттердің терең білімі мен тәрбиесіне тікелей байланысты.

 

Кәсіподақтар федерациясы білім беру саласында тер төгіп жүрген әрбір маманның абыройын асқақтатуды, олардың еңбек құқықтарын қорғауды және әлеуметтік жағдайын нығайтуды басты міндеті деп санайды. 

 

Өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздарымызға басымызды иіп, алғыс айтамыз. Сіздердің салған сара жолдарыңыз — бүгінгі жас мамандар үшін бағдаршам іспеттес.

 

Мерекелі сәтте баршаңызға мықты денсаулық, шығармашылық шабыт және қажымас қайрат тілеймін! Ұстаздарымыздың еңбегі жемісті, ал шәкірттеріміздің қадамы сәтті болсын.

 

Білім күні құтты болсын! Жаңа белестер мен биіктерді бағындыруларыңызға тілектеспін.

 

Ізгі тілекпен,

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының

төрағасы                                                                                 С.Дәулеталин