Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем машиностроителя

Новости Федерации 27.09.2026

Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем машиностроителя

Құрметті машина жасаушылар және сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Машина жасау – кез келген мемлекеттің индустриялық қуатын айқындайтын іргелі сала. Бұл – тек техника мен темірдің тілі емес, бұл – мыңдаған маманның білімі мен қажырлы еңбегінің жемісі.

Зауыт цехтарында тер төгіп, күрделі құрылғыларды құрастырып, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырып жүрген сіздердің жұмыстарыңыз еліміздің экономикалық тәуелсіздігін нығайтады.

Әрбір бөлшектің дәлдігі мен сапасы – сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыздың көрінісі. 

Өмірін осы салаға арнаған ардагерлерімізге алғысымыз шексіз.

Кәсіподақтар федерациясы әрбір маманның абыройын асқақтатуды, олардың еңбек құқықтарын қорғауды және әлеуметтік жағдайын нығайтуды басты міндеті деп санайды.

Мерекелі күні дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Жұмыстарыңыз өнімді, жолдарыңыз әрдайым ашық болсын.

 

Ізгі тілекпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының

төрағасы С.Дәулеталин