Құрметті атом саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Атом саласы қызметкерлері күнімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Атом саласы – еліміздің экономикалық әлеуеті мен ғылыми прогресінің негізгі қозғаушы күші. Бұл саланың әрбір маманы – терең білімді, асқан қырағылықты және жоғары жауапкершілікті талап ететін күрделі істің шебері.
Қазақстанның әлемдік уран нарығындағы көшбасшылық орны мен бейбіт атомды игеру жолындағы жетістіктері – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің тікелей жемісі. Сіздер энергия қауіпсіздігі мен технологиялық дамудың алдыңғы шебінде келесіздер.
Өз өмірін осы жауапты салаға арнап, бүгінде кейінгі толқынға жол көрсетіп жүрген ардагерлерімізге алғыс айтамыз.
Мерекелі сәтте сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат және отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Алдағы уақытта атқаратын жұмыстарыңыз берекелі болып, еліміздің өркендеуіне қосатын үлестеріңіз арта берсін.
Кәсіби шеберліктеріңіз шыңдалып, еңбектеріңіз лайықты бағаланатын болсын.
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы
С.Дәулеталин