Қадірлі қазыналы қариялар, еңбек ардагерлері!
Сіздерді халықаралық Қарттар күнімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке — ұрпақтар сабақтастығының нышаны және сіздердің ел игілігі жолындағы өлшеусіз еңбектеріңізге көрсетілген зор құрметтің белгісі.
Сіздер қалаған іргетас, сіздер негізін салған өндіріс орындары мен кәсіпорындар бүгінгі Қазақстанның қуатына айналды. Сіздердің өмірлік жолдарыңыз — нағыз отансүйгіштіктің, төзімділік пен адалдықтың жарқын үлгісі.
Ұзақ жылғы еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған кезде де Сіздерді игілік пен ізгіліктің, пайым мен парасаттың үлгісі деп санаймыз. Қарттарын қазынаға балаған елімізде әрқашан даналығымен халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын
Сіздер аман жүріңіздер, бақытты ғұмыр сүріңіздер!
Осынау айтулы күні сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Әрбір күндеріңіз шуақты, әрбір сәттеріңіз берекелі болсын.
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
С. Дәулеталин