Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем учителя

Новости Федерации 05.10.2026

Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем учителя

Құрметті ұстаздар мен білім саласының қызметкерлері! 

Ардақты сала ардагерлері!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан және жеке өз атымнан шын жүректен құттықтаймын!

Әлемдегі ең ізгі мамандық иелері ретінде сіздер жас ұрпақтың санасына білім нәрін егіп қана қоймай, олардың тұлға болып қалыптасуына зор үлес қосасыздар.

Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың интеллектуалды қуаты мен болашақ еңбек адамының тәрбиесі дәл осы сіздердің қолдарыңызда. 

Сіздердің төзімділіктеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз кез келген мақтауға лайықты.

Әрбір мұғалімнің қоғамдағы абыройын асқақтату мен олардың әлеуметтік жағдайын нығайту біздің басты назарымызда қала бермек. Өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған ардагер ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз.

Осынау шуақты мерекеде сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат және отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Еңбектеріңіз жемісті, шәкірттеріңіз білімді болсын. Сіздердің шығармашылық ізденістеріңіз бен асыл мұраттарыңыз орындалып, мәртебелеріңіз әрдайым биіктей берсін.

 

Ізгі тілекпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы

 С.Дәулеталин