Құрметті орман шаруашылығы қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Орман – бұл мемлекетіміздің баға жетпес байлығы мен табиғаттың тынысы. Осы жасыл желекті сақтап, оны көбейту жолындағы сіздердің еңбектеріңіз ерекше маңызға ие.
Орманшы мамандығы кез келген ауа райында төзімділікті, батылдықты және табиғатқа деген шексіз махаббатты талап етеді. Сіздер еліміздің экологиялық қауіпсіздігі мен болашақ ұрпақтың таза қоршаған ортада өмір сүруі үшін аянбай еңбек етесіздер.
Кәсіподақтар федерациясы орман шаруашылығы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын нығайтуды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты назарда ұстайды.
Біз әрбір жұмысшының құқығы қорғалып, еңбегі лайықты бағалануы жолында тұрақты жұмыс жасаймыз. Осы саланы дамытуға өмірін арнаған ардагерлеріміздің тәжірибесі мен адал еңбегі біз үшін әрқашан үлгі.
Мерекелі күні сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке және игі істеріңізге сәттілік тілеймін! Кәсіби абыройларыңыз асқақтап, беделдеріңіз арта берсін.
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин