Құрметті әріптестер! Қадірлі достар!
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан және жеке өзімнің атымнан Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын!
1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы декларация мемлекеттің қалыптасуында шешуші рөл атқарды. Бүгінде бұл күннің маңыздылығы жыл сайын артып келеді.
Әлбетте, тәуелсіздігіміз баянды, тұғырымыз берік болу үшін оның бастауы – Республика күнінің ерекше маңызға ие болуы өте өзекті. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқының игілігі үшін жұмыс істеуге қабілетті тиімді экономиканың негізі қаланып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық серпінді дамуына жол ашылды.
Еліміз бағындырған биік белестер мен асқан асуларында, қол жеткізген жетістіктерінде Сіздердің әрқайсыларыңыздың да адал еңбектеріңізбен айшықталған қолтаңбаларыңыз бар.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы атынан әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін.
Ұлы даламызда көк байрағы желбіреген, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин