Тарихы

ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ

Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының тарихы ХХ ғасырдың басынан бастау алады.

Қазіргі Қарағанды ​​облысының аумағында 1905 жылы 6 желтоқсанда құрылған  Өспен мыс кеніші жұмыскерлерінің  одағы ресми түрде елдегі алғашқы кәсіподақ ұйымы.

КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢ

Кеңес заманында Қазақстан Республикасының барлық кәсіподақтарының қызметін 1948 жылы Бүкілодақтық Орталық Кәсіподақтар Кеңесінің (БОКК) XIX Пленумының қаулысы негізінде құрылған бірыңғай орталық орган — Қазақ кәсіподақтар кеңесі (Қазкәсіпкеңес) басқарды

1990 жылы 10 қазанда Қазақстан кәсіподақтарының XIV съезінде Қазкәсіпкеңестің  заңды мұрагері — Қазақ КСР кәсіподақтар федерациясының құрылуы туралы декларация қабылданды.

Федерация — кәсіподақтардың іс-әрекеттерін біріктіру, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, кәсіподақтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді  өз қызметінің басты мақсаты ретінде белгілеп,  мемлекеттік органдардан, жұмыс берушілерден және саяси партиялардан тәуелсіздігін жариялады.

Салалық кәсіподақтар мен аймақтық кәсіподақтар бірлестіктері Федерацияның құрылтайшылары мен мүшелері болды.

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ

1992 жылдың 3- наурызынан бастап Қазақ КСР Кәсіподақтар Федерациясын Қазақстан Республикасының  Кәсіподақтар Федерациясы (ҚРКФ) деп өзгерту туралы шешім қабылданды