Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясында «ҚР Кәсіподатар Федерациясының оқыту, зерттеу және дауларды шешу орталығы» жеке мекемесі (әрі қарай – Орталық) қызмет атқарады.
Орталық оқытуды ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерді, кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдарына, жұмыс берушілерге және мемлекеттік органдарға экономиканың барлық салаларында және республиканың аймақтарында әлеуметтік-еңбек әріптестігі мен әлеуметтік жауапкершіліктің корпоративтік саясаты стандартын енгізуге көмектесе отырып, еңбек қатынастарындағы және әлеуметтік саладағы дауларды зерттеу және шешу қызметін атқарады.
Орталықтың қызметінде үш стратегиялық бағыт айқындалған:
- Құзіреттілік және барлық кәсіподақ мүшелері үшін «қолжетімді оқыту» имиджін қолдау үлгісі бойынша кәсіподақ оқуын ұйымдастыру.
- Түрлі әлеуметтік-экономикалық салаларда, елдің қоғамдық-саяси өмірінде зерттеу жүргізу және орын алған мәселелерді тиімді шешу бойынша ұсынымдарды әзірлеу.
- Әлеуметтік-еңбек мәселелерін реттеуде медиацияны және келіссөздер жүргізу дағдыларын енгізу.
Бірінші бағыт – оқыту – әлеуметтік-еңбек қатынастарының мәселелері бойынша оқу бағдарламаларының кең шеңберін пайдалана отырып, сондай-ақ, ұлттық және трансұлттық компаниялардың, барлық меншік түрлеріндегі ірі, кіші және орта бизнестің кәсіпорындарының қызметкерлерін, және барлық ниет білдірушілерді қайта даярлау мен біліктілігін көтеру бойынша жүзеге асырылады.
Зерттеу – әлеуметтік-еңбек қатынастарының саласында орын алған мәселелерді шешу бойынша ұсынымдарды жасау үшін қазақстандық және шетелдік сарапшыларды тарту арқылы жүргізіледі.
Әлеуметтік-еңбек дауларын шешуде медиацияны енгізу үшін Орталық кәсіби медаторларды оқыту мен қайта даярлауды, жұмысшылар – кәсіподақ мүшелерін, мемлекеттік органдар және жұмысберушілер өкілдерін медиациялық құзіреттілікке және келіссөз дағдыларына оқытуды өткізеді, кәсіби медиаторлардың жеке тізілімін жүргізеді.