ҚРКФ басқару органдары:
Федерация Съезі Федерацияның жоғары органы болып табылады (бұдан әрі − Съез).
Съез Бас Кеңеспен кемінде бес жылда бір рет шақырылады. Съезді шақыру мен оның болжамды күн тәртібі туралы Съезге екі ай қалғанға дейін хабарланады. Съезге делегаттардың өкілдік нормасын Федерацияның Бас Кеңесі белгілейді.
Съез:
1) Федерация қызметінің стратегиясын айқындайды;
2) Федерацияның Жарғысын, Федерацияның Тексеру комиссиясы туралы Ережені, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды еңгізуді бекітеді. Съезд осы құқықты Бас Кеңеске арнайы ресімделген өкілеттілік бойынша табыстауға құқылы;
3) Федерация төрағасын сайлайды және қызметінен босатады;
4) Бас Кеңесті құрайды;
5) Федерацияның Тексеру комиссиясын сайлайды;
6) аса маңызды еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шешімдер, қарарлар, мәлімдемелер, үндеулер қабылдайды;
7) Федерацияның органдарының құзыреттерін, ұйымдық құрылымын, өкілеттіктерінің қалыптасу мен тоқтатылу тәртібін белгілейді;
8) осы Жарғыны қолдану мәселелері бойынша апелляцияларды қарайды;
9) Федерацияның Бас Кеңесінің және Федерацияның Тексеру комиссиясының қызметі туралы есептерді тыңдайды;
10) Федерацияны қайта ұйымдастыру, қызметін тоқтату және оны тарату туралы шешімдер қабылдайды.
Егер Федерацияға мүше ұйымдардың кемінде үштен екісі болса және олардан сайланған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, Съез құқылы деп есептеледі.
Дауыс беруге қатысқан делегаттар дауысының жартысынан қөбі берілсе, Съездің шешімдері қабылданды деп есептелінеді. Съезд шешімдерін қабылдаған кезде дауыс берудің тәртібін делегаттар айқындайды.
Федерацияның кезектен тыс Съездерін Федерацияның Бас Кеңесі шақырады немесе Федерацияның мүшелік ұйымдардың кемінде үштен бірі өкілетті органдардың талабы бойынша шақырады. Кезектен тыс Съезд шақыру туралы шешім және оның болжамды күн тәртібі бір ай бұрын хабарланады.
Бас Кеңес Федерациясының басшылық органы болып табылады.
Бас Кеңестің құрамы Федерацияның мүшелік ұйымдарынан тікелей өкілеттіктер табыстау принципі бойынша бекітіледі.
Бас Кеңес өз қызметі туралы Съезд алдында есеп береді. Бас Кеңесті Федерацияның Төрағасы басқарады.
Бас Кеңес Федерацияның Съезінде бекітіледі. Бас Кеңестің құрамына тікелей өкілеттіктер табыстау принципіне және өкілетті органдарының шешіміне сәйкес Федерацияның барлық мүшелік ұйымдарының басшылары, сондай-ақ 30 мыңнан асатын кәсіподақ мүшесі бар салалық кәсіптік одақтардан 1 өкілден, 30 мыңнан 200 мыңға дейін мүшесі бар салалық кәсіподақтардан 2 өкілден, 200 мың және одан астам мүшесі бар салалық кәсіподақтардан 3 өкілден кіреді.
Бас Кеңеске сонымен қатар лауазым бойынша Федерация төрағасының орынбасарлары, кәсіподақтар Федерациясының әйелдер істері жөніндегі Комиссиясының төрағасы, кәсіподақтар Федерациясының жастар Кеңесінің төрағасы кіреді.
Съездер аралығындағы кезенде Бас Кеңестің мүшесін алмастыру туралы шешім (тікелей өкілеттіктер табыстау бойынша) мүшелік ұйымдардың және (лауазымы бойынша кіретін тұлғалар бойынша) Федерация төрағасының ұсынысы негізінде Бас Кеңеспен қабылданады.
Бас Кеңестің жұмысына оның шешімі бойынша, Федерация төрағасының ұсынысы негізінде басқа да қоғамдық ұйымдардың, өкілді органдардың және әлеуметтік әріптестердің өкілдері кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
Мүшелік ұйым осы Жарғыға сәйкес Федерациядағы өз мүшелігін тоқтатқан жағдайда оның өкілдері Бас Кеңестің құрамынан шығарылады.
Бас Кеңес қажеттігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырылады және егер оған Бас Кеңестің дауыс беру құқығы бар мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, ол құқылы деп есептеледі.
Бас Кеңестің шешімдері, егер Жарғыда өзгеше көзделмесе, отырысқа қатысқан мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады және қаулымен рәсімделеді.
Бас Кеңестің шешімдері қажет болған жағдайда Атқару комитеті шешімінің негізінде сұрау арқылы қабылданады. Бас Кеңестің сұрауға алған мүшелерінің пікірлері жазбаша нысанда беріледі.
Бас Кеңес:
1) осы Жарғыда белгіленген Федерацияның мақсаттары мен міндеттерін іске асырады;
2) Съездердің шешімдері мен жарғылық міндеттерді орындау, кәсіподақтар мүшелері мен мүшелік ұйымдардың еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі Федерация қызметінің негізгі бағыттарын белгілейді;
3) Федерацияның активтерін бақару бойынша өкілетті ұйымның есебін тыңдайды және бекітеді;
4) Федерацияның мүшелік ұйымдарымен жарналарды төлеу мен аударудың бірегей тәртібін белгілейді;
5) Федерацияның меншігін иелену, пайдалану және оған иелік ету тәртібін белгілейді;
6) Федерацияға мүшелік жарналар есептеуге және төлеуге байланысты қаржылық есептілік көрсеткіштер тізбесін айқындайды;
7) мүшелік ұйымдармен Федерацияға ұсынылатын статистикалық деректер тізбесін айқындайды;
8) Жарғыны және Федерация органдарының шешімдерін орындалуы, сондай-ақ олардың қызметі туралы Федерация және мүшелік ұйымдар басшыларының есептерін тыңдайды;
9) Федерация Съезіндегі өкілдердің қатысу нормаларын бекітеді;
10) Федерация Жарғысын және Тексеру комиссиясы туралы Ережені бекіту және оларға өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы Съезге ұсыныстар жасайды;
11) Федерацияның төрағасы лауазымына кандидатураларды ұсыну тәртібін айқындайды;
12) Съездер аралығындағы кезеңде Федерацияның төрағасын сайлайды және қызметінен босатады;
13) Атқару комитетінің ұсынысы негізінде, Федерацияға жаңа мүшелер қабылдау немесе мүше ұйымдарды одан шығару туралы шешім қабылдайды;
14) Федерацияда есеп беру-сайлау науқанын өткізу туралы шешім қабылдайды;
15) Бас Кеңестің жұмыс тәртібін бекітеді;
16) бейнелемесі туралы ережені бекітеді;
17) Съезге өзінің жұмысы туралы есеп береді;
18) Федерацияның мүшелік ұйымдары мен Съезі берген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Бас Кеңес өзінің отырыстарының арасындағы жұмысқа басшылық жасау үшін Федерация Төрағасының ұсынысы бойынша Атқару комитетін сайлайды. Федерация төрағасы Атқару комитетін басқарады.
Атқару комитеті Бас Кеңеске есеп береді. Бас Кеңес өз шешімімен Атқару комитетіне жеке өкілеттіктерді табыстай алады.
Атқару комитеті алқалық атқару органы болып табылады.
Бас Кеңес өзінің отырыстарының арасындағы жұмысқа басшылық жасау үшін Федерация Төрағасының ұсынысы бойынша Атқару комитетін сайлайды. Федерация төрағасы Атқару комитетін басқарады.
Атқару комитетінің құрамына:
1) лауазымы бойынша Федерация төрағасының орынбасарлары кіреді, бірақ олардың саны Атқару комитетіндегі жалпы мүшелердің санының үштен бірінен аспауы тиіс;
2) Федерация Төрағасының ұсынысы бойынша Федерацияға мүшелік ұйымдардың басшылары кіреді.
Осы Жарғыға сәйкес Федерациядағы мүшелігін тоқтатқан мүшелік ұйымның басшысы – Атқару комитетінің мүшесі Атқару комитетіндегі мүшелігін тоқтатады.
Атқару комитеті:
1) Съездің және Бас Кеңестің шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
2) Федерацияға мүше ұйымдардың заңды мүдделерін негізге ала отырып, Федерацияның Бас келісімге жасаған ұсыныстарын қарастырады және қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтары мен заңды мүдделеріне байланысты заң жобалары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге қатысты ұсыныстарды қарастырады және үйлестіреді;
3) Федерацияның халықаралық жұмысының негізгі бағыттарын айқындайды; Федерацияның халықаралық кәсіподақ бірлестіктеріне мүшелігі туралы шешім қабылдайды;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсіподақтардың бұқаралық акцияларын, оның ішінде жиналыстар, митингілер, көше шерулері, демонстрациялар, тосқауылдар және басқа ұжымдық іс-қимылдар, ереуілдер өткізу туралы шешім қабылдайды;
5) Федерацияға жаңа мүшелерді қабылдау мен олардың шығуын қарастырып Бас Кеңеске ұсыныс еңгізеді;
6) Федерацияға мүшелік ұйымдардың арасындағы дауларды шешуге жәрдемдеседі;
7) мүшелік ұйымдардың, олардың органдарының Федерация Жарғысына, Бас Кеңестің және кәсіподақтар Федерациясы Атқару комитетінің қаулыларына қайшы келетін шешімдері мен іс-әрекетін күшін жою және (немесе) тоқтата тұру туралы мүшелік ұйымның өкілетті органына ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ осы Жарғыда белгіленген міндеттерді мүшелік ұйымның орындамауы туралы ұсыныс жасау;
8) Жарғы және Атқару комитетінің шешімдерінің орындауы туралы Федерация басшылары мен мүшелік ұйымдардың ақпараттарын қарастырады, мүшелік ұйымдар мен кәсіподақ мүшелеріне өз қызметі туралы хабарлап отырады;
9) Федерация төрағасының ұсынысы бойынша Федерацияның құрылымын, штат кестесін бекітеді, Федерацияның кірістері мен шығыстарының сметасын бекітеді;
10) Федерацияның жыл сайынғы қаржылық шаруашылық тексерісін бекіту туралы шешім қабылдайды;
11) Федерация мүлкіне иелік ету, пайдалану, иелену тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді;
12) Бас Кеңесті шақырады, күн тәртібінің жобасын және оны өткізетін жерді белгілейді;
13) Федерация төрағасының ұсынуы бойынша, кейінгі Бас Кеңестің бекітуімен, Федерация төрағасының орынбасарлары мен кәсіподақтардың аумақтық (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде) бірлестіктерінің басшыларын сайлайды және қызметтен босатады;
14) кәсіподақ қызметкерлерінің және белсенді қатысушыларды мемлекеттік және басқа наградалармен марапаттау туралы белгіленген тәртіппен өтініш-тілек білдіреді, кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ мүшелерін Федерацияның наградаларымен марапаттайды;
15) Федерацияның филиалдары мен өкілдіктерін ашу туралы, Федерацияның басқа заңды тұлғаларды ұйымдастыруы немесе жұмысына қатысуы туралы шешім қабылдайды;
16) Федерацияның Бас Кеңесі белгіленген тәртіппен берген басқа да функцияларды орындайды.
Атқару комитеті өз шешімімен жеке өкілеттіктерін Федерация төрағасына табыстауға құқылы.
Атқару комитетінің отырыстары қажетіне қарай, бірақ кемінде үш айда бір рет шақырылады. Атқару комитеті, егер отырыстарына оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, қаулы қабылдауға құқығы болады.
Атқару комитетінің шешімдері, егер Жарғыда өзгеше көзделмесе, оның отырысына қатысушы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Қажет болған жағдайда Атқару комитетінің шешімдері сұрау арқылы қабылданады. Атқару комитеті мүшелерінің пікірлері жазбаша түрде баяндалады.
Федерациясының Тексеру Комиссиясы Федерацияның негізгі бақылау-тексеру органы болып табылады.
Федерацияның Тексеру комиссиясы Федерацияның қаржы-шаруашылық қызметіне, мүшелік жарналардың есептелуі мен түсуіне, ақшаның дұрыс жұмсалуына, кәсіподақтар Федерациясы мүлкінің пайдаланылуына және Федерацияның сайланбалы органдарының шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыратын негізгі бақылау – тексеру органы болып табылады.
Федерацияның Тексеру комиссиясы Федерацияның мүшелік ұйымдардың өкілдерінен Съезде сайланады, өз қызметінде Съезд бекітетін Тексеру комиссиясы туралы ережені басшылыққа алады.
Тексеру комиссиясының төрағасы Тексеру комиссиясының отырысында көпшілік дауыспен сайланады, лауазымы бойынша Федерация Съезіне делегат болып табылады, Бас Кеңестің және Атқару комитетінің жұмысына кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.