Ағымдағы жылдың 19-20 шілдесінде еңбек етушілердің қызметі (ACTRAV) жөнінде Халықаралық еңбек ұйымы Бюросы (ХЕҰ) «Бала еңбегі және мәжбүрлі еңбекпен күресудегі кәсіподақтар рөлі» атты екікүндік жергілікті конференция өткізді. Қырғызстанда өткен кездесу барысына ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасы А.Қ.Құсайынов қатысты.
Конференция 15 мемлекет өкілі – халықаралық кәсіподақ ұйымдары мен ХЕҰ, ХКК және халықаралық ұйым сарапшыларын жинады. Аталмыш іс-шара 2017 жылы 14-16 қарашада Аргентина, Буэнос-Айресте өтетін бала еңбегін жүйелі түрде жою жөніндегі IV Дүниежүзілік конференцияға дайындық ретінде жергілікті кездесулер қатарына кіреді.
Бүгін дүние жүзінде 168 миллион бала жұмыс жасауға мәжбүр, балалардың жартысынан жуығы бала еңбегінің ең нашар түрлерімен, сайып келгенде қауіпті жұмыспен айналысады.
ХЕҰ бала еңбегін тоқтату туралы Жаһандық мәлімдемесінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда ауыспалы экономикаға ие елдерде жұмыс жасайтын балалар санын жалпы қысқарту үрдісі туралы айтылады. Экономикалық өсім, кедейшіліктің қысқаруы және мемлекеттердің бала еңбегін жоюға қатысты міндеттерге ие болуы елеулі нәтижелерге алып келді.
Бірқатар елдерде, әсіресе, бейресми экономика балаларды пайдаланумен өсім алатын Орталық Азия және Кавказ мемлекеттерінде күрделі мәселелер сақталуда. Қалаларда көптеген жұмыс жасайтын балалар бала еңбегінің ең нашар түрлері – сексуалды пайдалану, есірткі саудасы және олардың физикалық және моральдық саулығына зауал келтіретін басқа да қызмет түрлерінің құрбаны болады. Ауылдық жерлерде балалар зиянды ауылшаруашылық жұмыстарын, соның ішінде, мақта жинау жұмыстарын атқаруда. Сонымен қатар, балалар мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне, жалпы білім беру мектептері мен кәсіби оқу орындарына бармайды. .
ХЕҰ мақсаты жергілікті және ұлттық деңгейде бала еңбегін жоюдың түрлі үлгілерін әзірлеу және қолдану болмақ. Өзінің Бала еңбегін жою туралы халықаралық программасы арқылы (ИПЕК) ХЕҰ техникалық серіктестіктің жергілікті және елдік программалар қатарын орындайды. Жүргізілген іс-шаралар арқасында дағдарысты жағдайда болған 5 мыңнан аса бала мен олардың ата-аналары ХЕҰ қолдауына ие болды.
ХЕҰ есебі бойынша дүние жүзінде 21 миллионға жуық адам мәжбүрлі еңбек құрбаны болады. Мәжбүрлі еңбек қарыздық құлдық, адам саудасы және де заманауи құлдықтың басқа түрлерін қосқанда, түрлі формаға ие. Ең осал құрбандар – әйелдер, балалар, босқындар.
ХЕҰ мәжбүрлі еңбекті және оны туғызатын шарттарды жою мәселесімен тұрақты жұмыс жүргізеді. Осы салынатын күштерді қолдау мақсатында арнайы әрекет ету программалары әзірленген. Кәсіподақтар, жұмыс берушілер, азаматтық қоғам және басқа халықаралық ұйымдармен серіктестікте ХЕҰ мәжбүрлі еңбектің барлық аспектілерімен айналысады.
Конференция барысында Еуропа және Орталық Азия елдерінде бала еңбегі, мәжбүрлі еңбек мәселелері (қазіргі әл-ахуалы, мәселелері мен сәттіліктер); бала және мәжбүрлі еңбектің алдын алу және жоюда еңбектің халықаралық еңбек стандарттарының рөлі туралы айтылды, көшіп-қону, жастарды жұмыспен қамту мәселелері сөз етілді, сондай-ақ, әртүрлі мемлекеттер кәсіподақтарының осы мәселелер бойынша ұлттық тәжірибелері көрсетілді.
ACTRAV (ХЕҰ) директоры Мария Хелена Андрэ аймақтағы бала еңбегі мен мәжбүрлі еңбекті жоюда кәсіподақтардың өзекті рөлін айтып өтті. Ол қатысушыларды БҰҰ тұрақты даму саласындағы Мақсаттар аясында 8.7 міндетке сәйкес бала еңбегі мен мәжбүрлі еңбектің барлық түрін жою туралы іс-шараларды қабылдау процесін үдетуге және өз күштерін жұмылдыруға шақырды. ACTRAV (ХЕҰ) қолдауымен кәсіподақтар стратегия дайындайды және аймақтағы бала еңбегі мен мәжбүрлі еңбекпен күресу саясатын келістіреді.
Осы конференцияда сәйкес мәлімдемемен Кәсіподақтар Федерациясы төрағасы сөз сөйледі. Өз сөзінде бала еңбегімен тиімді күресу үшін әлеуметтік-экономикалық шаралар мен стратегиялар қажет екендігін ерекше атап өтті. Мемлекеттердің экономикалық дамуы бала еңбегінің алдын алу және тұрақты жойылуына себепші болады, бұл ретте жаңа жұмыс орындарын құру үлкендердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. Отбасылардың әлеуметтік және экономикалық жағдайы артады, балалар еңбекке жұмылдырылмайды, олар білім алады, олардың денсаулығы нығаяды.
Мемлекет тарапынан аз қамтылған отбасыларға түрлі өмірлік жағдайларда көмектесе отырып, қолдауды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру қажет.
Сонымен қатар, білім беру мен кәсіби оқытуды жетілдіру және еңбек нарығында сұранысты баладан еңбекке жарамды жастағы жас қызметкерлерге бағыттау қажет.