Кәсіподақтар федерациясы атқару комитетінің отырысы астанада өтті

ҚР Кәсіподақтар Федерациясы атқару комитетінің кезекті отырысы ҚРКФ төрағасы Әбілғазы Құсайыновтың төрағалығымен Астанада өтті. Алғашқы мәселе бойынша Алматы және Қостанай облыстарында еңбек қатынастарының жағдайы мен еңбек дауларының алдын-алу және шешуге қатысты қабылданған шаралар туралы мәлімдемемен АКБ төрағалары Әсет Қыдырманов және Екатерина Смышляева сөз сөйледі. Қарастырылған аймақтарда жағдай тұрақты, кәсіпорындарда әлеуметтік шиеленісушілік ошақтары немесе еңбек даулары тіркелмеген. Еңбекақы бойынша қарыз мәселелері уақытылы және облыстық үштарапты комиссия отырыстарында және облыстық дағдарысқа қарсы штаб отырыстарында жүйелі түрде қарастырылады.

Салалық және аймақтық келісімдерді жүзеге асыру барысы туралы ауылшаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Әбубәкір Сүлейменов және Батыс Қазақстан облысы АКБ төрағасы Ербол Салықов мәлемдеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес жұмысының тәжірибесіне салалық машина жасау кәсіподағы және тау-кен металлургия кәсіподағы төрағалары Қайырбек Құсайынов пен Асылбек Нұралин назар аударды.

Жұмыс орнының қауіпсіздігі – экономиканың әсіресе нақты секторы үшін басты сауал. Осыған байланысты А.Нұралин ҚР Кәсіподақтар Федерациясы Төрағасының ҚР Үкіметі отырысында көптеген шетел мемлекеттері мысалында экономикалық әдістермен қауіпсіз жұмыс орындарын қамтамасыз ететін жұмыс берушілерді ынталандыруға қатысты ұсынған ұсынысы ең өзекті болатындығына қатысты пікір айтты.

Атқару комитетінің отырысындағы қарастырылған мәселелер туралы толыққанды ақпаратты «Қазақстан кәсіподағы» газет беттерінде оқисыздар.