Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас кеңсесінде жұмыс кадрларын дайындау және қосарлы білім беру, ұжымдық-шарттық қатынастар мен әлеуметтік серіктестікті дамыту жөнінде «Қазгермұнай» БК және «Мұнай өңдеуші»» ЖШС жергілікті кәсіподақтар қызметінің тәжрибесі қарастырылған мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Салалық Кәсіподағы Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті.
Атқару комитеті «Қазгермұнай» БК» ЖШС-дегі әлеуметтік диалог пен ұжымдық-шарттық процестің дамуына, кәсіподақтың Еңбек кодексін қабылдаумен байланысты еңбек қатынастарын ырықтандыру шарттарында ұжымдық шартты бекіту және келіссөздерді енгізу бойынша жұмыс тәжірибесіне ие болуына қатысты оң үрдісті ескерді.
Жергілікті кәсіподақ жұмысында ең бастысы кәсіпорын мен аймақтың әлеуметтік саясатындағы маңызды мәселелерді ұжымдық-шарттық реттеу және әлеуметтік серіктестік жүйелелерін жетілдіру болады.
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС мұнай-газ саласында білім берудің қосарлы формасын енгізу бойынша сынамалы жобаны жүзеге асыруға арналған базалық кәсіпорындардың бірі ретінде анықталған. Сала мен ПМХЗ үшін осы кәсіби кадрларды дайындау жүйесінің ерекше маңыздылығын ескере отырып, Атқару комитеті Павлодар облыстық филиалы мен «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподаққа кәсіподақ, жұмыс беруші мен Павлодар химия-механикалық колледжінің әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру бойынша біріккен жұмысының оң тәжірибесін жинақтау, сонымен қатар, жаңа индустрияландыруға арналған кадрларды дайындауды жаңғырту үшін жоғары оқу орны білімі (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (бейінді магистратура) деңгейінде кәсіби кадрларды дайындауды жалғастыру туралы мәселені зерттеу және қарастыруды ұсынды.
Атқару комитетімен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» программалық мақаласынан туындайтын іс-шараларды жүзеге асыру жұмысын жалғастыру ұйғарылды. Бұл ретте дүние жүзінде болып жатқан өзгерістер жөніндегі түсіндірме жұмыстарға, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы 2017-2020 жылдарға арналған жастар саясатының программасы мен «Гендерлік және жастар саясаты» 2017-2019 жылдарға арналған ҚР мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімнің ІХ бөлімінің жүзеге асу барысына ерекше назар аударылды.
Филиалдар мен мүше ұйымдарға жаңа технологияны қамту және өз біліктілігін тұрақты жетілдіруге ұмтылу, өз кәсібіне деген мақтаныш сезімі мен еңбек мәдениетін тәрбиелеу, еңбек әулетінің санын арттыру, тәлімгерлікті дамыту жөніндегі жұмыстарды өзектендіру ұсынылды.
Атқару комитеті Салалық Кәсіподақ құрамына жаңа мүше ұйымдарды, соның ішінде, Атырау қ. «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС-нің көпмыңдаған ұжымы ішінде жаңадан құрылған жергілікті кәсіподақты (төрағасы Салтанат Ислямова), сонымен қатар, Салалық Кәсіподақ құрамына өз қалауымен енген Ақсай қ. «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (төрағасы Марс Хайруллин) компаниясының жергілікті кәсіподақ ұйымын қабылдау туралы мәселені қарастырды.
Сондай-ақ, Атқару комитеті Астана қаласында мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Салалық Кәсіподағының кезекті алқалық мәжілісін шақыру туралы шешім қабылдады.
Қалыптасқан дәстүр бойынша Атқару комитеті отырысында көп жылдық еңбегі, мұнай-газ саласы мен кәсіподақ қозғалысын дамытуда қосқан маңызды үлесі және жеке қызметі үшін кәсіподақ белсенділеріне Энергетика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының марапаттары ұсынылды. Соның ішінде, «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» ҚР Кәсіподақтар Федерациясы белгісімен — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жергілікті кәсіподақ төрағасы, Маңғыстау облысы Салалық Кәсіподағы филиалының төрағасы Талғат Айдинов; «Мұнай-газ саласына қосқан үлесі үшін» ҚР Энергетика министрлігінің медалімен — Батыс Қазақстан облысы Салалық Кәсіподағы филиалының төрағасы Габдрахим Жаңбырбаев; «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподақ төрағасы, Павлодар облысы Салалық Кәсіподағы филиалының төрағасы Татьяна Васькина; ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен — «Oil Services Company» ЖШС жергілікті кәсіподақ төрағасы Абай Бекбосынов, Маңғыстау аймақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Миржан Тұманов, Салалық Кәсіподақ төрағасының бірінші орынбасары Сайран Купбаев; «Жалпы Кәсіподақ Конфедерациясына 25 жыл» мерейтойлық мақтау қағазымен — Атырау облысы Салалық Кәсіподағы филиалының төрағасы Салтанат Рахимова марапатталды.
Атқару комитетінің жұмысы аяқталғаннан кейін орталық аппарат, облыстық Салалық Кәсіподақ филиалдарының басшылары мен қызметкерлері, мүше ұйымдар басшылары салалық кәсіподақ қозғалысындағы қазіргі жағдай туралы пікір мен ақпарат алмасты және «EXPO 2017» халықаралық көрмесін бірге тамашалады.