ҚРКФ қоғам өмірі стандарттарын арттырудың ықпалды механизмдерін құру мен әділеттілік қорғаны құндылықтарының бірі ретінде Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының дамуын әрқашан қолдап келеді.
Соңғы жылдары қабылданған заңнамалық актілер еңбек етушілердің қорғаныс функциясын күшейтуге бағытталған кәсіподақтарды жаңғырту бойынша реформалар жүргізуге мүмкіндік береді. Еңбек қатынастарының ұжымдық-шарттық процесін дамыту кәсіподақтар үшін қызметтердің кең аясын ашты, мемлекеттік органдар аясында қоғамдық кеңеске қатысу олармен қабылданатын шешімдердің айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз етті, салалық кәсіподақтарды ірілету, кәсіподақтардың аймақтық бірлестіктерін құру, зерттеулер өткізу қызметкерлердің әлеуметтік еңбек құқықтарын тиімді қорғау және еңбек даулары мен шиеленістерді дұрыс шешу мүмкіндігін берді.
Біз заңдардың ұлықтылығын мойындаймыз және Қазақстан Республикасы заңнамасы мен құқықтық өріс аясында еңбек етушілердің құқығын қорғаймыз.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Л.Харьковаға қатысты сот процесімен байланысты жағдайларды мұқият бақылайды.
Экономикалық іс бойынша қылмыстық заңнаманы ізгілендіру үрдісін ескере отырып, сот органдарына істі аппеляциялық қарау барысында Л.Харькованы жазалау шарасын жеңілдетуді сұраймыз.
Біздің мемлекет құқықтық мемлекет болып табылады, сондықтан да, біз сот төрелігінің ізгілігіне үміттіміз.