ҚР кәсіподақтар Федерациясының Төрағасы Әбілғазы Құсайынов моңғол кәсіподақтарының 100 жылдығына орайластырылған ХКК-Азиялық-Тынық мұхиттық Аймақтық Бас Кеңестің 15-ші кездесуіне қатысу үшін Ұлан-Батырға келді.
Сапар барысында салтанатты конференцияға қатысу, сонымен қатар, Моңғолия кәсіподақтар Конфедерациясының төрағасымен екіжақты кездесу жоспарланған.