Құрметті кәсіподақтар мүшелері!

Құрметті кәсіподақтар мүшелері!

Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын!

30 тамыз – қазақстандықтардың құқығы мен еркіндігін нақты белгілейтін еліміздің басты Заңы үшін ерекше күн. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Конституция Қазақстан халқына ең бастысы – таңдау құқығын берді».

Конституция – тұрақтылық пен жасампаздық, бірлік пен ынтымақ нышаны. Жеріміздегі бейбітшілік, Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің тепе-теңдігі, білім беру бағдарламаларының үлкен таңдауға ие болуы, ақпараттық технологиялардың қолжетімділігі – осының барлығы еліміздің бас Заңының қағидасына сөзсіз сүйену нәтижесі болып табылады. Және біздің міндетіміз – осы мұраны сақтау және оны болашақ ұрпаққа беру.

Еліміздің аспаны әрқашан бейбіт болсын! Сіздерге бақыт пен амандық, еңбектеріңіздің өркендеп, алға қойған мақсаттарыңыздың орындалуын тілеймін.

ҚРКФ Төрағасы Әбілғазы Құсайынов