Құрметті кәсіподақтар мүшелері!

Құрметті кәсіподақтар мүшелері!

Сіздерді Еңбек күнімен құттықтаймын!

2013 жылы Елбасы қоғамдағы еңбек адамының беделін арттыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттауға, жұмысшылар әулеті дәстүрін нығайтуға бағытталған мерекені бекітті.

Еңбекте жоғары нәтижеге қол жеткізгендерді марапаттау үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы мен «Еңбек ардагері» арнайы төсбелгісі әзірленді. Бұл марапаттар жыл сайын аграрлық қызметкерлер, металлургтер, мұнайшылар, мұғалімдер, дәрігерлер мен басқа мамандық өкілдеріне тапсырылады. Бүгінде біз өз қолымен нан пісіретін, үй салатын, бидай жинайтын, көмір және басқа табиғи кен өндіретін, машина жасайтын және отанымыздың өркендеуі жолында өз үлесін қосу үшін күн сайын жұмысқа баратын барлық қазақстандықтарға алғыс айтамыз.

Мерекелеріңіз құтты болсын! Денсаулық, жақсылық пен табыс тілеймін!

 

ҚР Кәсіподақтар

Федерациясы Төрағасы                                   Әбілғазы Құсайынов