Ағымдағы жылғы 28 қыркүйекте еңбек күніне орай Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығында Халықаралық еңбек ұйымының қызметкерлері мен кәсіподақтар активінің кездесуі болды. Орталық Азия және Шығыс Еуропа мемлекеттеріне арналған Халықаралық еңбек ұйымының бюросы және Лайықты еңбек мәселелері бойынша техникалық қолдау тобы мен еңбекшілердің қызметтері жөніндегі маман Гоча Александриа барлық мемлекеттерде еңбекті қорғау мәселелері және Қазақстанда ратификацияланған заңдар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Орталық Азия және Еуропа елдерінің кеңсе меңгерушісі Сергеюс Гловацкас Қазақстандағы кәсіподақтарда жүргізілген реформалар бойынша оң бағасын берді.
Облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ғ.Қарабеков Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіподақтардың дамуы жөнінде баяндама жасады.
Кездесу барысында Халықаралық еңбек ұйымымен тығыз қарым-қатынас орнату және кәсіподақ мүшелері мен мамандарының аталған ұйымда біліктілігін арттыруға қатысты жұмыстар жүргізу жөнінде ынтымақтастыққа қол жеткізілді.