ҚРКФ аймақтық бірлестіктерінде Халықаралық лайықты еңбек ету күніне бағытталған іс-шаралар басталды.
4 қазан күні Жамбыл облысы кәсіподақ орталығымен «Лайықты еңбек – экономикалық дағдарысқа қарсы тұрудың сенімді жолы» тақырыбында «Жамбыл облысы әкімдігі ДСБ Медициналық коллежді» КМҚК ұжымы үшін семинар өткізілді.
Семинар барысында жұмыс уақытының ұзақтығына қатысты еңбек заңнамасы, оқытушылық құрамның еңбек шарттары мен еңбекақысы, екі қызметті бірге атқарудағы жалақы, уақытша жұмыста жоқ қызметкер міндеттерін атқару (орнын баса тұру) және қызмет көрсету аумағын ұлғайту, еңбекақысынан ұстап қалу, қоса жұмыс жасаудағы еңбекақыны төлеу жөнінде түсіндірмелер берілді.
Семинарда талқыланған тағы бір мәселе келісім комиссиясының мүшелерін оқыту, келісім комиссиясына өтініштерді беру және қарастыру тәртібі, қарау мерзімі, жеке еңбек дауларын шешуге қатысты келісім комиссиясының жұмысы болды.
Семинарда маңызды сауалдар қойылып, толыққанды жауаптар мен ауқымды түсіндірмелер алынды.