Маңғыстау облысының Кәсіподақтар орталығында жергілікті кәсіподақтар мен аймақ кәсіподақтарының облыстық филиалдарының өкілдерінің қатысуымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Кәсіподақ орталығының төрағасы Қайрат Жаңабеков өз әріптестеріне Жапонияға жасаған сапары, жапондық кәсіподақтар өкілдерімен, сондай-ақ, муниципалды билік өкілдерімен кездесуі туралы хабарлады. Қатысушыларға осы елдегі кәсіподақтар жұмысының құрылымы, жұмыс берушілермен өзара байланыс туралы айтылды.
Отырыс қатысушыларына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстанның кәсіподақтарына жүктелген ҚРКФ мақсаттары мен міндеттері туралы «Сананы жаңғырту және кәсіподақтар: келешегі мен жетілдіру жолдары» форумы туралы хабардар етті.
Кездесу барысында ұлттың болашақ жетістіктерінің факторы болатын адамның бәсекеге қабілеттіліктегі рөлі туралы бағдарламалық мақаланың ережелері және «Digital Kazakhstan» бағдарламасы, үштілдік бағдарламасы, сондай-ақ, біздің бәсекеге қабілеттіліктің бір бөлігі болып табылатын мәдени және конфессияаралық келісім бағдарламасы талқыланды.
Кездесу барысында кәсіподақ басшыларына Қазақстан Республикасы Президентінің бағдарламалық мақаласын әрі қарай талқылауға арналған тапсырма берілді.
Жылдық жоспарға сәйкес республикалық пікірталастар мен жыл сайынғы жастар форумын өткізу туралы ұйымдастыру сұрақтары талқыланды, олар бойынша тиісті қаулылар қабылданды.