Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіподағы өз қатарына Баутино кешенінің мұнай сервисінің 300-ге жуық қызметкерін мүшелікке қабылдады.
«Түпқараған жергілікті кәсіподағы» ҚБ «ҚКХП» құрамынан шығу және ҚР кәсіподақтар Федерациясының қатарына қосылу туралы шешім қабылдады және Жарғыға сәйкес өзгерістер енгізді.
«Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіподағы» ҚБ қызметінің басты бағыттарының бірі мұнай-газ саласындағы қызметкерлерді кәсіподақ қатарына мүшелікке тарту, әлеуметтік серіктестік жүйесін құрайтын кәсіпорындар қатарын ұлғайту болып табылады.