Елордалық кәсіподақтар лайықты еңбек үшін Дүниежүзілік лайықты еңбек ету күніне арналған бірқатар іс-шаралар өткізді. Ең маңыздысы – «Еңбек адамына – лайықты өмір» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» болып табылады. Аталмыш шараға кәсіподақ қызметкерлерімен қатар Әкімдік өкілдері, Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы, қызметкерлер, колледждердің жұмыс мамандықтары бойынша білім алатындар қатысты.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары кәсіподақтар әр адамға тұрақты және сапалы жұмыс орнына, әділ және лайықты жалақыға, әлеуметтік қорғаудың жеткілікті деңгейіне, қауіпсіз еңбек жағдайына және олардың құқықтарын еркін жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болулары үшін жұмыс жасайтындарын атап өтті. Еңбек заңнамасын сақтау өндірістің табысты дамуы, тұрақты еңбек ұжымын құру, адам еңбегіне деген қамқорлық пен көңіл-күйдің көрінісі болып табылады.
Дөңгелек үстел отырысында атқарушы органдарға, жұмыс берушілерге, кәсіподақ комитеттеріне және қызметкерлеріне өтініш айтылды. Атап айтқанда, ол жерде біздің ортақ мақсатымыз – еңбек қатынастарын реттейтін заңнамалық нормаларды қатаң сақтауды қамтамасыз ету, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында диалог пен өзара түсіністікке қол жеткізу, олардың жауапкершілігін арттыру екендігі көрсетілген.
Дүниежүзілік лайықты еңбек ету күніне арналған іс-шаралар аясында, кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, кәсіпкерлер палатасының төрағасы Ғани Тасмағанбетов және атқарушы органдардың басқа да аға лауазымды басшылары «DANMARD» ЖШС аралап көрді және жұмыс орнындағы жұмысшылармен кездесті, олардың еңбегінің жағдайларымен танысты. Бұл компания киім және металл бұйымдарын өндірумен айналысады. Мұнда жоғары сапалы жұмыс үшін жұмысшылар еңбек жағдайлары жасалып, белгілі бір әлеуметтік пакет шешілген: тұрғын үйге, асханаға, санитарлық бөлмелерге, басқа да өндірістік және әлеуметтік мәселелерге арналған жатақхана бар.
«Келешек» Жастар Кеңесінің мүшелері Елордалық циркте, «Дәулет» спорт кешенінде және басқа да ұйымдарда болды. Акция барысында олар жастармен кездесіп, оларға Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының, елордалық кәсіподақтардың, жұмысшылардың жұмысқа орналасу мен әлеуметтік кепілдіктердің қызметі туралы айтып берді.
Барлық іс-шара «Еңбек адамы – мемлекет тірегі», «Лайықты еңбек – лайықты өмір», «Еңбек құқықтарын қорғау» ұранымен өтті. Кездесулерде ұйымдастырушылар лайықты еңбек үшін Дүниежүзілік лайықты еңбек ету күні аясында акцияның мақсаттары туралы әңгімеледі. Олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы еңбекшілердің жоғары рөлін, олар үшін тиісті еңбек жағдайларын жасауды, жұмысшылардың өзекті мәселелерін шешу жолдарын атап өтті.