Ағымдағы жылдың 11 қазанда өткен Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Атқару комитетінің соңғы отырысында 1976 жылы туған Садықова Айжан Ерханқызы «Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аймақтық бірлестігінің төрайымы болып сайланды.
Білімі:
- Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, мамандығы – инженер-экономист (1998), Экономика және көлік менеджменті (2000) магистрі;
- Қазақстан-Америка тәуелсіз университеті (2012), мамандығы бойынша – білім бакалавры (шет тілдері);
- Шығыс Қазақстан аймақтық университеті (2012), құқықтану мамандығы бойынша.
Жұмыс тәжірибесі:
- 2017 жылғы 12 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің төрағасы м.а.
- «Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» АКБ төрағасы міндетін атқарушы ретінде сайланғанға дейін Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Отбасы жағдайы: тұрмыста, төрт баланы тәрбиелейді.