Ағымдағы жылғы 11 қазанда өткен Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Атқару комитетінің соңғы отырысында «Атырау облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық бірлестіктерінің төрағасы ретінде 1978 жылы туған Елеманов Саламат Қабдоллаұлы сайланды.
Білімі: Ресей заманауи гуманитарлық университеті, мамандығы – заңгер
Жұмыс тәжірибесі: «Атырау облысының кәсіподағы орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы міндетін атқарушы ретінде сайланғанға дейін жоғарыда көрсетілген аймақтық кәсіподақ бірлестігінің төраға орынбасары қызметін атқарды.
Отбасылық жағдайы: үйленген, төрт баласы бар.