МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ӨЗ КӘСІБІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Ақтауда Еңбек күнін мерекелеу аясында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына» атты аймақтық еңбек форумы өтті.

Форум барысында «Еңбек жолы» байқауының аймақтық кезеңінің нәтижелері жарияланды.

«Ең үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Койшыбаевтар отбасы – «Бұрғылау» ЖШС;

«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкері Арарат Тілекбайұлы Тілекбаев жұмысшы жастардың үздік нұсқаушысы атанды;

«Үздік жас өндіріс қызметкері» номинациясында «МаңғыстауЭнергоМұнай» ЖШС қызметкері Ордабаев Асылбек Жанболатұлы жеңімпаз атанды.

Маңғыстау облысы еңбек департаментінің басшысы Әлігер Инкаров «Еңбек жолы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарына дипломдар тапсырды және барлық қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады. Олардың барлығы байқаудың республикалық кезеңіне қатысады.

Форум барысында Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының атынан Маңғыстау облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы Қайрат Жаңабеков кәсіподақ ортасын дамытуға және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауға үлес қосқан кәсіподақ басшыларына марапаттар табыс етті.