Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған филиалының жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласындағы «КАМЕДА» консалтинг және зерттеу орталығымен бірлесе отырып арнайы семинар –тренинг өткізілді.
Семинар-тренингке Талдықорған аймағындағы денсаулық сақтау мекемелерінің 9 аудандық және 20 қалалық кәсіподақ төрағалары мен төрайымдары қатысты.
Алғысөз сөйлеген филиал төрағасы А.Шалтабаев іс-шараның мақсат-міндеті туралы атап айтқанда қатысушылардың лидерлік белсенділіктерін арттыру жолдарын үйрету, еңбеккерлердің құқықтарын жан-жақты қорғай алатын кәсіподақ жетекшілерін дайындау болып табылатынын айтты. Семинар-тренингті Астана қаласынан «КАМЕДА» консалтинг және зерттеу орталығының атқарушы директоры М.Еспенова жүргізді. Семинар тақырыбы «Кәсіподақтың негізгі жұмыс құралдары» болғандықтан тренинг барысында кәсіподақ лидерлері білімдерін толықтырып қана қоймай, өздеріне беймәлім жаңа ұғымдармен (органайзинг, эдвокаси, питчинг, нетворкинг) танысып, мән-мағаналарын ұғуға мүмкіндік алды. Оқу процесінде слаидтар, тестілер, түрлі ойындармен, жұмыс барысында орын алатын тәжірибе – сабақтармен алмасып отырды. Семинар жұмысы өте қызықты өткізілгені соншалық, ешкімнің бей-жай отыруына мумкін де болмады. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды. Өз кезегінде тренинге қатысушылар ұйымдастырушыларға ризалығын білдіріп және де осы алған білім-тәжірибелерінің кәсіподақтың болашақта беделі мен іс-әрекетінің өсіп –өркендеуіне жұмсайтынына сендірді.