ҚРКФ АТҚАРУ КОМИТЕТІ ЖАСТАР КЕҢЕСІ ЖҰМЫСЫН ҚОЛДАДЫ

Астанада Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитетінің отырысы өтті.

Маңғыстау облысы АКБ Жастар кеңестерінің және құрылыс кешеніндегі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің тәжірибесі Атқару комитетінің мүшелерімен жоғары бағаланды.

– Бұл жұмыс тәжірибесін басқа өңірлер мен кәсіподақтарға пайдалану үшін ұсынылуы тиіс, – деп мәлімдеді ҚРКФ Төрағасы Әбілғазы Құсайынов.

Осылайша, жұмыс жасайтын жастар арнайы семинарларда оқуға, тренингтерге және әртүрлі интеллектуалды жарыстарға қатыса алады. Жастарды кәсіподақтар қатарына тарту тек үгіттеу арқылы ғана емес, олардың еңбек құқықтарын жүзеге асыру, олардың мүдделерін қорғау болып табылады.

Кәсіподаққа қосылудың мотивациясы кәсіподақтар Федерациясы бастамашы болған «Кусипод» республикалық байқау конкурсы болуы мүмкін. Онда барлық мүдделі кәсіподақ ұйымы қатыса алады. Атқару комитетінің мүшелеріне арналған конкурс туралы ережені ҚРКФ Төраға орынбасары В.Рогалев толық баяндады.

Атқару комитетінің отырысында 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметі, жұмысшылардың республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы Бас келісімнің жобасы қаралды.