Алдында хабарлағандай, Әбілғазы Құсайынов лайықты демалысына шығуына байланысты ҚРКФ Төрағасы лауазымынан өз еркімен кетті.
Бұл менің саналы түрде қабылдаған шешімім болды, ол бүгінгі күннің талаптарына негізделген. Уақыт бір орнында тұрмайды, жаңғыру үдерісі толыққанды жүріп жатыр. Осы ретте креативті, жаңа тәсілдерді қолдану арқылы жас ақыл иелерімен жүзеге асырылуы тиіс «Сандық Қазақстан» бағдарламасын тілге тиек етуге болады.
Сонымен қатар, соңғы жылдары біз кадрларды жасарту арқылы кәсіподақтар қатарын жаңғыртуға ерекше назар аударып келдік. «Облыстық кәсіподақтар кеңесінің» орнына жаңа АКБ институттары – аймақтық кәсіподақтар бірлестіктері енгізілді және қысқа уақыт аралығында әлеуметтік серіктестермен бірге мемлекет аймақтарында еңбек даулары мен жанжалдарды шешу арқылы өздерін мойындатып келеді. Бүгінде АКБ-да жас және орта жастағы лайықты кадрлар басшылық етіп келеді. Үш жыл бұрын зейнетақы жасына келгенімді ескере отырып, өз жолымды жастарға беруді қажет деп санаймын, – деді Ә.Құсайынов.
Әбілғазы Құсайынов 2013-2017 жылдар аралығында ҚРКФ Төрағасы лауазымын атқарған 5 жыл ішінде кәсіподақтар ішінде және халықаралық қауымдастықтармен өзара байланыс жасау арқылы ауқымды жұмыстар жасады.
Осылайша, ол кісінің белсенді жұмысының арқасында кәсіподақтар Федерациясы ХКК құрамына кірді. Қазақстандық кәсіподақтар өкілдері түрлі семинарлар, конференциялар, басқа елдердегі әріптестерімен кездесулердің тұрақты қатысушылары болды.
Және де 26 салалық кәсіподақтарды біріктіру және ірілендіру арқылы саны 18 болды.
2014-2015 жылдары кәсіподақтар Федерациясы қауырт жұмыстар мен әлеуметтік серіктестермен белсенді серіктестік нәтижесінде жаңа Еңбек кодексі мен ҚР Кәсіподақтар туралы Заң жобаларына елеулі қосымшалар мен өзгерістер енгізді.
Нақ осы бес жыл ішінде ҚР Үкіметі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен үшпартизм жүйесіндегі өзара байланыс реттелді.
Сонымен қатар, ҚРКФ құрылымында, соның ішінде, Оқу орталығында, мүлік басқармасында бірқатар реформалар жүргізілді, Ақпараттық жұмыстар жөніндегі жаңа департамент құрылды, халықаралық департамент қайта ұйымдастырылды, мемлекеттің барлық аудандарында Келешек жастар қанаты құрылды. ҚРКФ есебінен жас магистранттар оқытылады. Санкт-Петербург гуманитарлық университет және Омбы мемлекеттік университетпен білікті конфликтолог-магистранттарды дайындау туралы келісімге қол қойылды.
ҚРКФ мүлік базасын жаңарту жоспарына сай үлкен көлемдегі құрылыс және жөндеу жұмыстары болды. Бірқатар қонақүйлер мен шипажайлар қалпына келтірілді және толыққанды жөнделді, жарықтандырылды, қосымша қызметтер енгізілді.
Әбілғазы Құсайыновтың қадамын әріптестері алға қойған міндеттерін толыққанды жүзеге асырған, ҚРКФ әрі қарай жұмысына үлкен әлеует берген және кәсіподақ қозғалысын дамыту мақсатында жас, перспективті әріптесіне өз орнын берген адамның дана және батыл шешімі ретінде бағалады.
Ә.Құсайынов Барлық әріптестеріне осы жылдар аралығында бірлескен ынтымақты жұмыс атқарғандары үшін алғыс айтты. Бас кеңеске өзі жеке ұсынған жаңа төрағаға Еңбек адамын лайықты қорғау ісінде сәттіліктер тіледі.