Құрметті әріптестер!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

1991 жылғы 1 желтоқсанда ең алғашқы жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Назарбаев сайланды. Елбасы өз халқы алдында жаңа мемлекеттің болашағы үшін тарихи жауапкершілікке ие болды, еліміздің маңызды жетістіктері – бірлік, баяндылық, тұрақты дамуды анықтады.

Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан елеулі әлеуметтік-экономикалық даму мен халықаралық аренада жоғары беделге ие болды. Тұңғыш Президент күнін атап өту арқылы Қазақстан халқы Ұлт Көшбасшысына құрмет көрсетеді.

Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын. Жанұялық амандық, зор денсаулық пен бақыт тілеймін.

 

Қазақстан Республикасы

кәсіподақтар

Федерациясының төрағасы                                                         Б.Әбдірайым