Астана қаласының Кәсіподақ орталығының бастамасымен зорлық-зомбылыққа ұшырағандар үшін немесе зорлық-зомбылыққа байланысты қиын жағдайға тап болған адамдарға – Дағдарыс орталығының базасында «Біз әйелдер мен балалардың азаматтық құқықтарын сақтау үшін» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді, отырысқа атқарушы, құқық қорғау органдарының және қала тұрғындарының өкілдері қатысты. «Дөңгелек үстелге» орталықтың қызметкерлері мен осы мекемеде қызмет ететін әйелдер шақырылды.
Дөңгелек үстелдің спикерлері 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 25 қарашада Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күнін жариялағаның және жыл сайын 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы өткізілетіні туралы атап өтті.
Қабылданған шараларға қарамастан, бүгінгі таңда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жаһандық проблема болып қала береді – әйелдердің 70% дейін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегеді.
Дағдарыс орталығында қызмет алушы әйелдер мен балалар бейімделуден өтеді, психологтар, тәрбиешілер, медицина қызметкерлері жұмыс істейді.
Сондай-ақ, Орталықта барлық қызметкерлерді қамтитын кәсіподақ ұйымы бар. Кәсіподақ орталығының төрағасы еңбек ұжымына қамқорлық пен мұқияттылықтың көрінісі және уақытша дағдарыстағы адамдарға практикалық көмек көрсеткеніне белсенді жұмыс үшін алғыс хатын табыс етті.
«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары атқарушы органдардың және жұртшылықтың жалпы мақсаты әйелдерге қатысты уақытша мәселелерді шешуге көмектесу, оларға қарсы зорлық-зомбылықты жоюға көмектесу туралы пікір білдірді.
Астана қаласы Кәсіподақтар орталығы