ХКК ЖАСТАР КОМИТЕТІНІҢ 11-СЕССИЯСЫ

Бүгін, 4-желтоқсанда Брюссель қаласында 4 аймақты: Америка, Африка, Азия-Тынық мұхит аймағы және Еуропаны біріктіретін Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының жастар комитетінің 11-ші мәжілісі өз жұмысын бастады. Мәжіліс 2 күнге созылады және әртүрлі елдердің 16 жас -өкілдерінің қатысуымен өткізілуде.

Мәжіліс барысында 2016 жылдың желтоқсан айында Вашингтонда өткен ХКК-ның Экономикалық және саяси жастар форумының нәтижелерін және де ұйымды ұйымдастыру, жастарды жұмысқа орналастыру, ХЕҰ-ның «Еңбек саласының болашағы» бастамасын тыңдау жоспарланып отыр.

Қатысушылар алдыңғы жылдарда атқарылған жұмыстары туралы бөліседі, негізгі идеяларды, мәселелерді және аймақтық есептерді ұсынады.

Мәжіліске ҚРКФ Ақпараттық-талдамалық және халықаралық жұмыс департаментінің бас сарапшысы, ЖКО жастар комитетінің Вице-президенті Жанна Әбілова қатысады.

 

ҚРКФ  баспасөз қызметі